Бұл мәселені ауыл тұрғыны Турдахун Бакиев «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде көтеріп, амбулаторияның апатты жағдайда екенін және жаңа ғимарат салу қажеттігін жеткізді.Ауыл тұрғынының айтуынша, халық бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Алайда жағдай сол күйі өзгермеген. 60 жыл бұрын салынған бұл ғимараттың тозығы жеткен. Ал ондағы медициналық қызмет көрсету сапасы қажетті деңгейге сәйкес келмейді.Қоғамдық қабылдауда Алматы облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев медицина нысанын жаңар...